5 Иса Қапарнаум қаласына кіргенде, бір римдік жүзбасы алдына келіп:
6 — Мырза, қызметшім үйде сал болып қатты қиналып жатыр, — деген өтініш жасады.
7 — Жарайды, барып сауықтырайын, — деп жауап берді Иса.
8 Ал римдік жүзбасы:
— Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін.8:8 Осылай бұл римдік жүзбасы өзінің шетелдік әрі күнәкар екендігін мойындады. Алайда Құдай әрбір ұлттың адамдарына рақым көрсетуге дайын (Елш 10:1-6,34-36; Еф 2:11-19). Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді. 9 Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды, — деді.
10 Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа қарап: — Шын айтамын, Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!
11 Сендерге шындығын айтайын: шығыс пен батыстан келген көптеген жат жұрттық адамдар Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге Құдай Патшалығында дастарқан басына жайғасатын болады. 12 Ал Патшалыққа алдымен тағайындалғандар сыртқа, қара түнекке қуылмақ! Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады,8:12 Немесе: Алайда «Патшалықтың ұлдары» (яғни исраилдіктер) теріс жолдарынан қайтпағандары үшін тозаққа түспек! Сонда олар жылап, бармақтарын тістейтін болады (13:42; Лұқ 13:28). — деді. 13 Содан кейін Иса жүзбасына:
— Үйіңе қайт, сеніміңе сай тілегің болсын! — деді.
Сол мезгілде-ақ оның қызметшісі ауруынан сауығып кетті.