13 Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын»9:13 Құдайдың Ошия пайғамбар арқылы жолдаған хабары (Ош 6:6). деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді»9:13 Яғни әділсінгендерді (өздерін әділміз деп санайтын діндарларды: Лұқ 18:9-14; Рим 3:10; Жыр 13:3). емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім.
Publicidade