2 Міне, біреулер Оған сал болып ауырған бір адамды төсегімен көтеріп алып келді. Иса олардың сенімдерін көріп, сал адамға: «Жігерлен, балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді.
3 Сонда дін мұғалімдері: «Бұл Кісі Құдайды қорлап тұр ғой!» — деп іштей наразы болды. 4 Олардың осы ойларын біле қойған Иса:
— Неге сондай жамандық ойлайсыздар? 5 Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, жүре бер!» деу ме? 6 Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін9:6 Немесе: Ал Құдай тағайындаған Билеушінің (8:20; яки «Адам Ұлының») жер бетінде күнәларды кешіруге билігінің бар екендігін (Жох 5:27). білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды. 7 Ауру адам орнынан тұрды да, үйіне кетті!