12 Осылай бүкіл Яһуда халқы тағы да астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірін Құдайдың киелі үйіндегі қоймаларға алып келетін болды. 13 Мен сенімді деген кісілерді:13:13 7:2; 12:44; Пат4 12:15; Шеж2 31:12,15. діни қызметкер Шелемияхты, діни мұғалім Садықты және леуілік Педаяхты қазына қоймаларын басқарушы етіп, оларға көмектесуге Маттанияхтың немересі Зақур ұлы Хананды тағайындадым. Олардың міндеті өз ағайындары діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі азық-түлікті үлестіріп беріп тұруды қамтиды.
14 «Осыларды істегеніме бола мені мейіріммен ескере гөр, уа, Құдайым! Сенің киелі үйің мен ондағы қызметтер үшін ізгі ниетпен істегендерімді есіңнен шығара көрме!»13:14 5:19; 13:22,31.