Pular para o conteúdo
Publicidade

Нехемия 2

11 Осылай мен Иерусалимге жеттім. Қалада үш күн болғаннан кейін 12 өзіме еріп келген біраз адаммен бірге түнде тұрдым. Құдайымның менің жүрегіме Иерусалим үшін не істейтінім туралы салған ойларын ешкімге айтқан жоқ едім. Астымдағы көлік малдан басқа ешқандай көлік алған жоқпыз.

13 Сонымен түнде Аңғар қақпасынан шығып, Шибөрі2:13 Немесе: Аждаһа. қайнарының маңынан өтіп, Күл қақпасына жеттім. Сөйтіп Иерусалимнің қираған қамал қабырғалары мен өртеніп кеткен қақпаларын тексеріп қарап шықтым. 14 Содан соң Қайнар қақпасы мен Патша тоғанына2:14 Патша тоғаны: Силоғам тоғаны болса керек. (Тоғанның суымен патшаның бағы суғарылатын: Пат4 25:4.) қарай бет алдым. Алайда астымдағы көлік малдың сол жаққа өтуіне орын болмады. 15 Сондықтан түн ішінде Қидрон сайы арқылы өрлеп шықтым да, сол жақтағы қабырғаларды тексердім. Сосын кері бұрылып, Аңғар қақпасы арқылы қалаға қайтып келдім. 16 Менің қайда барып, не істегенімді қаланың билік басындағылары білген жоқ. Себебі мен әлі де яһуди басшыларымен: діни қызметкерлер, жетекшілер, қызметкерлер және әкімшілікте істейтін басқалармен сөйлескен жоқ едім.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também