31 Ал Халеп Мұсаның алдында халықты тыныштандырып:
— Уа, халайық, біз елге өрлеп барып, оны иемденіп алайық! Соны сөзсіз істей аламыз! — деді. 32 Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:
— Жоқ, біз сол халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден соншама күшті! — деп онымен келіспеді. 33 Сол он барлаушы13:33 Яғни Халеп пен Ешуадан басқалары (14:6). исраилдіктердің арасында өздері барлап келген ел туралы жағымсыз хабар таратты: «Біз аралап, барлап келген сол ел өз тұрғындарын жалмайтын жер екен! Онда тұрып жатқан халықтың адамдары денелі.