Даналыққа бет бұрғанның жарылқануы
1 Балам, егер сөздерімді қабылдасаң,
Һәм жадыңда өсиеттерімді сақтасаң,
2 Құлағың даналыққа ұдайы түрік болса,
Әрі жан дүниең парасатқа дайын тұрса,
3 Егер де білім мен парасатты шақырсаң,
4 Көмілген күміс пен қазынадай іздесең,
5 Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,
Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың.
6 Себебі Жаратушы даналық сыйлар,
Білім мен түсінік Оның аузынан шығар,