Pular para o conteúdo
Publicidade

Нақыл сөздер 31

Жақсы әйел — даналықтың үлгісі

10 Еңбекқор,31:10 Түпнұсқа мәтінінде осы аяттан бастап аяттардың алғашқы әріптері әліпби ретімен берілген (поэзиялық тәсіл). жақсы әйелді кім таба алар?

Ол інжу-маржаннан31:10 Яки: асыл тастардан. да бағалы болар!

11 Күйеуі оған толықтай сенім артады,

Ешқандай игіліктен ада қалмайды.

12 Өмір бойы оның күйеуіне жасары

Жамандық емес, жақсылық қана болады.

13 Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,

Қол жұмысын да ынтамен жасайды.

14 Жер шарлаған саудагер кемесі секілді

Алыстан да азық-түлігін әкеледі.

15 Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,

Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,

Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.

16 Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,

Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,

17 Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.

18 Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,

Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.

19 Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,

Дем алмастан иіреді ол ұршығын.

20 Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,

Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.

21 Қар жауып, үй ішім тоңар деп қамықпайды,

Бәрі де қос-қостан киімдерін31:21 Немесе: қызыл жүн киімдерін. киеді.

22 Әйел әсемдеп тоқып төсек жабынын,

Бәтес,31:22 Яки: Құнды ақ кенеп мата. қызыл жүннен тігеді киімін.

23 Күйеуінің атағы кең жайылады,

Елдің ақсақалдарымен кеңес құрады.31:23 Яки: Күйеуіне қала қақпасының маңындағы алаңда құрмет көрсетеді, сол жерде ол елдің ақсақалдарымен отырып, кеңеседі (1:21; 24:7).

24 Бәтестен әйел жапқыш тігіп, сатады,

Белбеумен де саудагерді қамтиды.

25 Осылай ол бөленеді күш пен салтанатқа,

Шаттықпен қарайды жарқын болашаққа.

26 Аузынан шыққан сөзі — нағыз даналық,

Берген тәлімі — мейірімді жақсылық.

27 Үй шаруасын мұқият бақылайды,

Ол нанын бекер жеп, еш масыл болмайды.

28 Балалары тұрып, аналарын дәріптейді,

Күйеуі де оны былай деп құрметтейді:

29 «Көп әйел заты еңбекқор, жақсы екен,

Бірақ барлығынан да асып түстің сен!»

30 Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,

Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.

31 Беріңдер оған еңбегінің тиісті зейнетін,

Істері үшін жұрт алдында ол дәріптеле берсін!

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também