13 Әйел жүн мен зығырды өзі таңдайды,
Қол жұмысын да ынтамен жасайды.
14 Жер шарлаған саудагер кемесі секілді
Алыстан да азық-түлігін әкеледі.
15 Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,
Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,
Тапсырады жұмысын қызметшілеріне.
16 Жер танабын қарап, ойланып, сатып алады,
Еңбегінің түсімінен жүзім отырғызады,
17 Белін бекем буып, қайратпен іс қылады.
18 Ұғады ол еңбегінің өнімді боларын,
Көпке дейін түнде сөндірмейді шырағын.
19 Саусағымен созғылап қолындағы жүнін,
Дем алмастан иіреді ол ұршығын.
20 Оның қолы әрдайым жомарт жарлыларға,
Құшағы ашық бейшара мұқтаждарға.