Pular para o conteúdo
Publicidade

Нақыл сөздер 5

3 Азғын әйелдің тілінен бал тамады,

Сөздері майдан да жұмсақ болады.

4 Бірақ оның кесірі ащы жусандай,

Соңы өткір болар екі жүзді семсердей.

5 Аяқтары өлім жолына түсіп барар,

Қадамдары көрге қарай бағытталар.

6 Шынайы өмір жолын сол әйел ойламайды,

Қауіпті жолмен жүргенін аңғармайды.

7 Сонымен, балалар, тілімді алыңдар,

Айтатын сөздерімнен бас тартпаңдар!

8 Әрдайым алыс бол сондай әйелден,

Жақындамай, аулақ жүр есігінен!

9 Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың,

Жиғаныңды5:9 Немесе: (Өмір сүретін) жылдарыңды. қатал жанға тапсырасың.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também