8 Әрдайым алыс бол сондай әйелден,
Жақындамай, аулақ жүр есігінен!
9 Әйтпесе әл-күшіңнен құр қаласың,
Жиғаныңды5:9 Немесе: (Өмір сүретін) жылдарыңды. қатал жанға тапсырасың.
10 Басқалар байлығыңды иемденер,
Бөтен жан еңбегіңнің жемісін жер.
11 Өміріңнің соңында тәнің әлсіреп,
Былай деп күйзелерсің, қатты опық жеп:
12 «Әттеген-ай, тәрбиені неге жек көріппін,
Ескертуді қалайша елемей жүріппін?
13 Ұстаздарымның тілін қалайша алмаппын,
Тәлімгерлеріме еш құлақ салмаппын?
14 Сондықтан мен жиналған жамағаттың
Алдында масқара бола жаздаппын!»