Pular para o conteúdo
Publicidade

Римдіктерге хат 12

Өмірлеріңді Құдайға бағыштаңдар

1 Сонымен, бауырластарым, бізге осындай мол мейірімін төккені үшін өздеріңді Құдай жолына арнауға шақырамын. Өмірлерің Құдайға ұнамды, толықтай бағышталған, тірі құрбандықтай болсын: Оған лайықты рухани қызмет көрсетулерің осы болады. 2 Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.

Киелі Рух қауымға беретін дарындар

3 Иеміз маған берген рақымға сүйене отырып, әрбіреуіңе айтамын: өздерің туралы тиістісінен артық ойламаңдар! Қайта, Құдайдан сенім арқылы әрқайсыңның үлестеріңе қандай рухани дарындар тигенін12:3 Немесе: Құдай әрқайсыңа үлестірген сенімдеріңнің мөлшеріне сай. ойлай отырып, өздеріңді саналы түрде бағалаңдар. 4 Денеміздің мүшелерінің көп, әрі олардың атқаратын қызметтерінің әр түрлі екеніндей, 5 біз бәріміз де көптігімізге қарамастан Мәсіхтің рухани денесіміз, осылай өзара байланысқан мүшелеріміз.

6 Құдайдың рақымымен әрқайсымыз ерекше рухани дарындарды қабыл алдық: сенің пайғамбарлық сөз сөйлеу дарының болса, хабардың Құдайдан келгендігіне деген сеніміңе сай оны жеткіз.12:6 Немесе: Құдайдың хабарын жеткізу дарының болса, оны сенушілердің көпшілігі сенген ілімге сай пайдалан (Қор1 12:10; 14:29).7 Сыбағаңа қызмет ету тиген болса, соныңды атқар, рухани тәлім беру дарының болса, оны қолдана бер. 8 Кімде жігерлендіруші дарын болса, сонысын орындай берсін, мұқтаждарға жәрдем үлестіруші де онысын ақпейілмен атқарсын. Жетекшілік етіп жүргендер шынайы еңбекқорлық көрсетсін және қайырымдылық жасайтындар оны қуанышпен істесін.

Киелі Рухтың күш-қуатына кенелген қауымның өмірі

9 Сүйіспеншіліктерің адал болуы керек. Жамандықты жек көріп, жақсылықты берік ұстаныңдар.12:9 Яки: Жамандықтан аулақ жүріп, жақсылықтан ажырамаңдар (Амо 5:15; Қор2 6:6; Тім1 1:5; Сал1 5:21-22).10 Бір-біріңді бауырлардай сүйіп, өз бастарыңнан артық сыйлаңдар. 11 Лайым жақсылыққа деген талпыныстарың бәсеңдемесін; Иеміздің қызметінде жүріп, рухтарың жалындай берсін! 12 Әрдайым үміттеніп қуаныңдар, қиыншылыққа шыдап, Құдайға ұдайы сиыныңдар. 13 Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына12:13 Яки: Оған бағышталған (қасиетті) сенушілерге (1:7; 8:27). көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар!

14 Өздеріңді қудалағандарға Құдайдан жақсылық тілеңдер, оларды қарғамай, ақ баталарыңды беріңдер! 15 Қуанғандардың қуанышына, қайғыланғандардың қайғысына ортақтасыңдар! 16 Өзара ынтымақтас болыңдар; өркөкірек емес, кішіпейіл болып,12:16 Немесе: Бір-біріңнің қамдарыңды ойлаңдар; атақ-даңқ іздемей-ақ, қарапайым міндеттерді атқаруды қанағат тұтыңдар (12:10; 15:5). өздеріңді басқалардан ақылды санамаңдар!

17 Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар. 18 Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар. 19 Сүйікті бауырластарым, кек алмаңдар, соны Құдайдың қаһарына қалдырыңдар! Тауратта мынадай сөздер жазылған ғой: Жазалау — Менің ісім, тиісті жазаларын тартқызамын Өзім! — дейді Иеміз.12:19 Заң 32:35.

20 Ал «жауың сенің аш болса тамақтандыр,

Егер де шөлдесе шөлін қандыр!

Мұныңменен сен басына оның

Қызып тұрған шоқ жиғандай боласың».12:20 (Нқл 25:21-22; Лұқ 6:27-30) Яки: Бұлай еткенің — оны өз қылығына ұялтып, өкіндіргенің.

21 Осылайша жамандықтан жеңілмей, оны жақсылықпен жеңіп шық!12:21 Пет1 3:9; Жыр 34:13-14; Жар 50:19-21; Амо 5:15.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também