Pular para o conteúdo
Publicidade

Римдіктерге хат 14

Түрлі көзқарастағы қауым мүшелерінің ынтымақтастығы

1 Сенімі әлсіз14:1 Яки: Сенушінің рухани еркіндігін әлі де жеткілікті түсінбеген (15:1; Ғал 5:1). бауырластарды олардың ой-пікірлері жөнінде таласпай, қауымдарыңда қабыл алыңдар! 2 Мысалы, біреу «маған тамақтың бәрін де жеуге болады» деп сенсе, соған күмәнданатын басқа біреу көкөніс қана жейді.14:2 Көптеген яһуди сенушілері діни ережелерге сай сойылмаған етті жеуден бас тартатын.3 Ет жейтін бауырлас одан бас тартқанды менсінбей жүрмесін. Ал еттен бас тартқан бауырлас оны жейтінді айыптамасын, өйткені Құдай соны да қабылдады. 4 Басқа Біреудің қызметшісін айыптауға қандай қақың бар?! Қызметшісін ақтау не айыптау — Иесінің ісі. Бауырласың ақталады әрі теріс жолға түсуден сақталады, себебі оны сенім жолында ұстауға Тәңір Иеміздің құдіреті жеткілікті.14:4 Жақ 4:12.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também