12 Демек, әрқайсымыз Құдай алдында өз іс-әрекетіміз үшін есеп береміз.
Бауырласыңның адасуына себепші болма!
13 Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар! 14 Мен Иеміз Исамен байланысқандықтан мынаған кәміл сенемін: ешқандай тамақ14:14 (Мар 7:15; 18-20; Тім1 4:3-5; Тит 1:14-15) Немесе: еш нәрсе. өзінен-өзі арам емес. Алайда біреу қайсыбір тағамды арам деп санаса, онда ол сол кісі үшін арам.14:14 Сондықтан оның бауырластары бұл кісінің сеніміне қайшы келетін әрекетке себепші болмаулары керек (Қор1 8:4-13).