Құдайдың яһудилерге шығаратын әділ үкімі
1 Сондықтан, ей, басқаларды айыптаушы адам, кім болсаң да, сен ақтала алмайсың: өзге біреуге айып тағып тұрып өзіңе үкім айтасың! Себебі оны айыптаған сен де сол сияқты күнәлар жасайсың. 2 Ал сондай істермен айналысатындарды Құдай әділдікпен соттайтынын білеміз. 3 Ей, пенде, егер өзің де айналысқан жаман істер үшін басқаларды айыптасаң, сонда қалай, Құдай сотынан құтылам деп ойлайсың ба? 4 Әлде сен Құдайдың мейірім көрсетіп, өзіңді теріс жолдан қайтарғысы келетінін ұқпай, Оның мол мейірімділігін, сабырлылығын және шыдамдылығын менсінбейсің бе?
5 Бірақ сен жүрегіңді қасарыстырып теріс жолдан қайтудан қыңырлана бас тартасың. Осылай Құдайдың қаһары төгіліп, әділ үкімі жарияланатын күні өзің тартатын жазаңды ауырлатасың. 6 (Киелі жазбада мына тәрізді сөздер жазылған:) Құдай әркімге істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады.2:6 Жыр 61:13; Нқл 24:12.7 Тәңір алдында игілікті істерінен таймай, ұлылыққа, құрметке және өз есімін мәңгі өшірмеуге тырысқан кісіге Ол мәңгілік өмір сыйлайды. 8 Ал өзімшіл болып, шындыққа емес, әділетсіздікке мойынсұнып жүргендерді Құдайдың зор қаһары күтіп тұрады. 9 Жамандық істеген әркімді — алдымен (Құдайдың таңдап алған халқынан шыққан) яһудиді,2:9 Мыс 19:5-6. сондай-ақ басқа ұлт адамын да азап пен қысым күтіп тұр. 10 Ал игілік істейтін әркімді — алдымен яһудиді, сондай-ақ басқа ұлт адамын да ұлылық, құрмет, амандық пен тыныштық күтіп тұр.2:10 2:7; 8:6; Жыр 8:5-6; Рул 6:26.11 Себебі Құдай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.
Құдайды білмейтін ұлттардың ар-ұжданы
12 Таураттағы Құдайдың заңын білмей күнә жасағандарға сол заң қолданылмай-ақ тозаққа үкім шығарылады.2:12 Яки: күнә жасағандар сол заң қолданылмай-ақ рухани өлімге ұшырайды (демек Құдайдан мәңгі ажырайды) (1:32; 6:23; Жох 3:16-18). Ал Таурат заңын біле тұра күнә жасағандар сол заң бойынша сотталады. 13 Заңды тек естігендер емес, оны орындап жүргендер ғана Құдай алдында ақталады.2:13 Мат 7:21; Жақ 1:22-23,25.14 Таурат заңы жоқ басқа ұлттар өз еріктерімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заңсыз-ақ не істеп, не қою керек екенін білетіндіктерін көрсетеді.2:14 Немесе: өз табиғатынан заңды істер істегенде, олар Таурат заңдары болмағанмен, өздеріне-өздері заң (1:19-20,32; 2:15,27).15 Осы арқылы олар Таурат заңының талаптарының өз жүректерінде жазулы екенін дәлелдейді. Бұған олардың ар-ұждандары2:15 Яки: олардың жақсылықты жамандықтан ажырата білу түйсіктері әрі қабілеттері (Жох 8:9; Түсіндірмедегі «Ар-ұжданды» да қараңыз). куә. Демек, оларды іштей қаралайтын немесе ақтайтын осы ұждандарынан туған ойлары соған куә. 16 Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады.2:16 3:6; 14:10; Елш 10:42; 17:31. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді.
Таурат заңы және сүндеттеу рәсімі
17 Сен яһуди2:17 Яғни Құдай таңдап алған халықтың өкілі (2:9; Мыс 19:5-6). екеніңді айта жүріп, Таурат заңына сүйеніп, Құдаймен ерекше байланыста тұрғаныңа мақтанасың ба? 18 Оның еркін білесің, Таураттан тәлім алып, ненің жақсы-жаман екенін анықтай аласың. 19 Өзіңді соқырларға жетекшімін, қараңғыда адасқандарға жарықпын, 20 надандарға тәрбиешімін, сәбидей білімсіздерге ұстазбын деп ойлайсың. Өйткені Таураттан нақты білім мен шындықты таптың.
21 Сонымен, сен басқаларды үйретіп жүрсең де, қалайша өз іліміңді өзің ұстанбайсың?! «Ұрлама» дей тұра ұрлағаның не? 22 «Неке адалдығын бұзба» дей тұра оны өзің бұзғаның қалай? Жалған тәңірлердің мүсіндерін жек көресің, алайда неліктен өзің Құдайға тиісті құрметті көрсетпейсің?2:22 Немесе: алайда ғибадатханаларын тонап, өзіңді былғағаның не?23 Таурат заңымыз бар деп мақтанғанмен сол заңды бұзып, Құдайды қорлайсың! 24 Сол сияқты Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер айтылған: Басқа ұлттардың арасында сендерге бола Құдайдың аты қорланады.2:24 Иш 52:5; Езк 36:22.
25 Ал сүндет рәсіміне2:25 4:11-12; Жар 17:11. келетін болсақ, егер де Таурат заңын қалтқысыз орындап жүрсең, ол рәсім пайдалы болар еді. Бірақ сүндеттелген сен бұл заңды бұзып жүргендіктен, сүндеттелмеген басқа ұлт адамынан сенің қай жерің артық? 26 Егер сол адам Таурат заңының талаптарын орындап жүрсе, өзі сүндеттелмеген болса да, сүндеттелген болып есептелмей ме? 27 Ей, яһудилер, сондықтан да басқа ұлт адамдары сендерді айыптайтын болады.2:27 Немесе: сендердің жамандықтарыңды әшкерелейді (Мат 12:41-42). Сендер Тауратты және сүндеттеу рәсімін ұстанғандарыңа қарамастан, заңды бұзып жүрсіңдер, ал олар сүндеттелмеген болса да, кейбіреулері оның талаптарын орындайды.2:27 Демек, тәні сүндеттелмеген кісілер Таурат заңының талаптарын орындап жүрсе, олар сені айыптайтын болады. Себебі сен Таурат заңының жазбасын әрі сүндет рәсімін сақтай тұра Таураттың талаптарын бұзасың (Мат 12:41-42).
28,29 Сырт бейнесінде емес, жан дүниесінде Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі сырттай, яғни тәнінде, ғана емес, жан дүниесінде болу керек. Бұл рухани жаңартылу жазылған заңнан емес, Киелі Рухтан пайда болады.2:28-29 7:16; Қор2 3:6; Заң 30:6. Ондай кісіні адам баласы емес, Құдайдың Өзі мадақтайды.