Pular para o conteúdo
Publicidade

Римдіктерге хат 3

Құдайдың адамдарды ақтау жолы

21 Ал енді Құдайдың адамдарды ақтау жолы көрсетілді. Бұл жолға заңды ұстанудың қатысы жоқ. Ол туралы Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары білдірген еді.3:21 Жар 3:15; 15:6; Жыр 31:1-2; 102:8-12; Иш 12:2; 43:22-25; 53:4-6,11.22 Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ: 23 бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды.3:23 Немесе: бәрі де күнә жасағандықтан, Құдайдың оларға белгілеген ұлы қасиеттері мен армандарынан құр алақан қалды (3:4,9-20; 8:21,30; Жар 1:26-28; 3:16-18,23-24; 6:3; Жыр 8:4-8; Иш 59:2-15).24 Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também