4 Демек, Мәсіхпен тығыз байланысқанда біздер Онымен бірге рухани «өліп, жерлендік».6:4 Яки: Демек, шомылдыру рәсімінен өткеніміз біздің Мәсіхпен бірге рухани «өліп, жерленгенімізді» білдіреді (Қол 2:12). Сонымен, Құдай Әке Өзінің ұлы құдіретінің арқасында Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, жаңа өмір бергендей, біз де енді жаңаша өмір сүруіміз керек!6:4 Яғни біз де енді күнә жасай беруімізді доғарып, таза өмір сүруіміз керек (6:9; 7:6; Қор2 5:17; Еф 4:23-24).
5 Себебі біз осылай рухани тұрғыдан Мәсіхпен бірге «өліп», күнәлі өмір салтымыздан біржола бас тартқан болсақ,6:5 Яки: Себебі біз Мәсіхпен тығыз байланысып, Оның өліміне ортақ болсақ. енді өлімнен қайта тірілген Мәсіхпен тығыз байланыста тұрып жаңаша өмір сүрейік! 6 Мынаны білеміз ғой: бұрын өзіміз кім болсақ, сол күнәкар болмысымыз Мәсіхпен бірге айқышта өлді. Осылай біздің күнә билеген болмысымыз күшінен айырылды, сондықтан енді күнәнің құлы емеспіз! 7 Өйткені адам өлгенде күнәнің билігінен босатылады.