Адамның ішкі қайшылығы
14 Таурат заңының Құдай Рухынан шыққанын білеміз, ал мен пенде ретінде күнәлі құмарлықтардың құлдығындамын. 15 Не істеп жүргенімді өзім де түсінбеймін: қалағанымды емес, керісінше, жек көретінімді істеп жүрмін. 16 Ал өзім қаламайтын қылықтарды істегендіктен, Таурат заңының игі екенін іштей мойындаймын. 17 Онда жаман нәрсені істеген мен емес, бойымдағы күнәлі құмарлық.7:17 Немесе: Онда мен жаман нәрсені әдейі істемеймін, бойымдағы күнәға деген құмарлық оны маған істетеді.