4 Сол сияқты сендер де, бауырластарым, Мәсіхтің тәні өлгенде рухани тұрғыдан Онымен бірге «өлдіңдер», сонымен Таурат заңын орындау міндетінен босадыңдар. Енді сендер басқа Біреудің қарамағындасыңдар: Ол — өлімнен қайта тірілген Мәсіх.7:4 6:3; Ғал 3:19-20. Сондықтан біз Құдайға қызмет етіп, рухани жеміс бере аламыз.
5 Біз әлі де ескі күнәкар болмысымыздың билігінде жүрген кезде заңның өзі бойымызда күнәлі құмарлықтарды қоздырып оятты.7:5 Заң болмағанда адамдар оны бұза да алмайды (7:7-11; 4:15). Осылайша біз нәтижесі өлім7:5 Яғни тәндік және рухани өлім (Құдайдан мәңгі аластатылу) (1:32; 6:21). болатын нәрселерді істеп келдік. 6 Ал енді біз өзімізді байлап қойған Таурат заңын орындау міндетінен босатылдық, себебі рухани тұрғыдан «өліп», оған жоқ болдық. Ендеше Құдайға бұрынғыдай тек заңның баптары бойынша емес, Киелі Рухтың жетелеуімен жаңаша қызмет етеміз.7:6 Немесе: тек заңның әріптері бойынша емес, рухтың жаңартылуымен қызмет етеміз (2:29; 8:3-4,13-14; Қор2 3:6).