Күнәнің құлдығынан азат етуші — Киелі Рух
1 Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.) 2 Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.8:2 Яки: Себебі Мәсіх Исадағы өмір Рухының заңдылығы мені күнә мен өлімнің заңдылығынан босатты.3 Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен8:3 Әрине, Мәсіхтің Өзі еш күнәсіз қасиетті еді (Пет1 2:22; Жох1 3:5; Қор2 5:21; Евр 4:15; 7:26). осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды. 4 Ондағы мақсаты — біздің ескі күнәкар болмысымыздың еркі бойынша емес, Киелі Рухтың еркіне сай8:4 Яғни Құдайдың Киелі Рухының еркіне сай (8:9). өмір сүріп, Құдайдың заңының әділ талаптарын орындауымыз.