20 Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды.8:20 Немесе: жаратылыс басқаның (яғни Адам атаның) күнәсі арқылы бекершілікке тәуелді етілді (5:12; Жар 2:17; 3:17-18).21 Солай бола тұра, Құдай бізге болашақта жаратылыс та өткіншіліктің құлдығынан8:21 Жаратылыс та бұзылып құрып кетудің құлдығынан. босатылып, Құдайдың рухани балаларының салтанатты ұлылығы мен бостандығына жетеді деген үміт берді.
22 Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз.