Әлсіреген бізді Киелі Рух қолдайды
26 Сонымен қатар әлсіреген бізді Киелі Рух та қолдайды. Тәңір Иеден не тілейтінімізді дұрыстап білмесек те, Киелі Рухтың Өзі біз үшін өтініш етіп,8:26 Яки: біз үшін ара түсіп (8:15-16,27,34; Жох 14:16; Еф 6:18). сөзбен айта алмас ыңқыл, күрсінісімізді Оған жеткізеді. 27 Ал Тәңір Ие адам жүрегінің түкпір-түкпіріндегіні біледі. Киелі Рух Құдайдың адамдары8:27 Яки: Құдайға бағышталған (қасиетті) сенушілер (1:7; 12:13). үшін Оның еркіне сай өтініш жасағанда Құдай Киелі Рухтың ниетін де түгелдей түсінеді.