Құдайдың сүйіспеншілігінен бізді еш нәрсе ажырата алмайды
28 Тағы да мынаны білеміз: барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді,8:28 Яки: Құдайды сүйетіндер үшін барлық жағдайлар жақсылыққа көмектеседі (8:32,35-39; 5:3-4; Қор2 4:15-17; Флп 1:19-23; Евр 12:11). себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды. 29 Құдай алдын ала білетін біздерді Өзінің рухани Ұлының үлгісіне ұқсасын, осылайша рухани Ұлы көптеген бауырластарының арасындағы тұңғышы іспетті аса қадірлі болсын деп бұрыннан белгілеп қойған еді. 30 Құдай кімдерді бұрыннан белгілеп қойса, соларды шақырып алды, шақырып алғандарын ақтап та алды, ақтап алғандарына ұлылық та сыйлады.8:30 Яки: ақтап алғандарын Құдай, сөзсіз, салтанатты ұлылыққа бөлейтін болады (8:18,21; 9:23-26; Қор2 4:17).