31 Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?! 32 Ол Өзінің жалғыз рухани Ұлын аямай, Оны біз үшін өлімге қиды.8:32 5:8; 8:38-39; Жох 3:16; 15:13. Ендеше Онымен бірге бізге қажеттінің бәрін8:32 Яки: Құдайдың даңқын арттыруға қажетті нәрселердің бәрін. қалайша сыйламайды? 33 Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, 34 ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.8:34 Яки: біз үшін ара түсуде (8:27; Жох 17:20-24; Жох1 2:1-2; Евр 4:14-15; 7:25; 9:24).
35 Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? 36 Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін жау бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда».8:36 Жыр 43:23; Жох 16:2; Қор2 4:11.37 Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.8:37 Жох 16:33; Қор1 15:57.
38 Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! 39 Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!