5 Өзінің ескі күнәкар болмысының еркі бойынша өмір сүретін әрбір жан8:5 Яки: Күнәлі құмарлықтарына сай өмір сүретін жан. сол болмысының қалауын жүзеге асыруға ұмтылады. Ал Киелі Рухтың жетелеуімен өмір сүретіндер Киелі Рухтың қалауын орындауға ниет етеді. 6 Күнәкар болмыстың қамын ойлау мәңгілік өлімге, ал Киелі Рухтың еркін орындау шынайы өмір мен тыныштыққа жеткізеді.8:6 Яки: Ескі күнәкар болмыстың ниеті — Құдайдан ажырау, ал Киелі Рухтың ниеті — шынайы өмір және (Құдаймен) татулық (1:32; 5:1).7 Ескі күнәкар болмысымыздың ниеті Құдайға қас, ол Құдайдың заңына бағынбайды, әрі бағына алмайды да. 8 Сондықтан ескі күнәкар болмысының еркімен өмір сүретіндер Құдайға ұнай алмайды.
Publicidade