8 Жолшыбай Нағима келіндеріне:
— Ал енді, сендер әке-шешелеріңнің үйлеріне қайтыңдар. Менің өзіме, марқұм ұлдарыма адал да мейірімді болып келдіңдер. Лайым сендерге сол үшін Жаратқан Ие рақымын түсіре көрсін! 9 Ием сендерге жақсы күйеу мен жайлы баспана сыйлай көрсін! — деп батасын беріп, беттерінен сүйді.
Бірақ олар зар еңіреп жылап:
10 — Сізбен бірге біз де ел-жұртыңызға барайықшы, — деп өтінді. 11 Алайда Нағима:
— Қыздарым, үйлеріңе қайтсаңдаршы! Маған несіне ересіңдер? Сендерге үйлене алатын басқа ұлдарым жоқ қой. 12 Кері қайтыңдар, қарақтарым! Өзім енді күйеуге шығуға кәрімін. Тіптен бүгін күйеуге шығып, ұлды болармын деген үмітім болған күнде де, 13 олар ер жеткенше күте алар ма едіңдер? Соларға бола күйеуге шықпай жүре берер ме едіңдер? Жоқ, қыздарым, Жаратқан Иенің маған жіберген қайғысын бірге бөлісіңдер деп сендерді ұстауым дұрыс болмас, — деп жауап берді.
14 Екеуі бұрынғыдан бетер зар еңіреп жылады. Соңында Орпа енесінің бетінен сүйіп қоштасты, ал Рут одан айырылмай қалып қойды.