14 Әйелдер Нағиманы құттықтап: «Жаратқан Ие мадақталсын! Енді Ол сені қамқорлайтын мұрагермен қамтамасыз етті. Баланың атағы Исраилге жайылсын! 15 Ол өміріңді қуанышқа кенелтіп, қартайған шағыңда сүйенішің болады. Себебі оны туған — өзіңді жақсы көріп, соншама адал болып келген келінің. Осы келінің саған жеті ұлдан да артық!» — деді.
16 Нағима нәрестені қолына алып, бауырына басып, бағып-қақты. 17 Көрші әйелдер: «Бұл — Нағима үшін туылған ұл», — деп, оған Ғабит4:17 Осы есімнің басқа түрлері: Обид, Абди; оның мағынасы: «Қызметші», яғни Құдайдың құлы. деген есім берді. Ғабит Есейдің әкесі, Дәуіттің4:17 Дәуіт пайғамбар әрі патша (Пат1 16:1,11-13; Пат2 5:1-3). атасы болды.