Pular para o conteúdo
Publicidade

Софония 1

Жаратқан Иенің ұлы соты күні

14 Жаратқан Иенің ұлы күні таяп, жақындап қалды, ол тез келе жатыр! Жаратқан Иенің сол күні қатты дауыс шықпақ, сонда мықты жасақшылар да ащы зармен айқайлайтын болады. 15 Сол күн — Тәңір Иенің қаһары төгілетін күн, адамның қайғырып, азап шегетін күні, елдің қирап қаңырап қалатын күні, қараңғылық пен қара түнектің күні, қалың бұлттар мен қара мұнардың күні, 16 кернейдің даусы мен шайқастың айқай-шуының күні болады! Сонда бекіністі қалалар мен зәулім мұнараларға қарсы шабуыл жасалады.

17 «Мен халықтың басына қиын-қыстау кез тудырамын. Олар Маған, Жаратқан Иеге, қарсы күнә жасағандықтан, енді соқыр адам іспетті сипалап жүретін болады. Олардың қаны жердегі шаң-тозаңдай төгіліп, ішек-қарындары қи-қоқыс сияқты лақтырылып тасталады». — 18 Жаратқан Иенің қаһары төгілетін сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Оның ашу-ызасының отында1:18 (Заң 29:18,20) Немесе: Оның қызғанышының отында (3:8; Мыс 20:4-5; Пат3 14:22; Иш 59:17-18). бүкіл жер беті жанып кетеді, себебі Ол жер бетінде тұратындардың барлығын да аяқ астынан толықтай құртатын болады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também

Sofonias
Ver todos os capítulos de Sofonias