Сенімнің сыналуына төзіп, адал өмір сүру жайында
2 Бауырластарым менің, сендер алуан түрлі қиын сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар.1:2 Мат 5:11-12; Рим 5:3; Пет1 1:6.3 Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер. 4 Тек төзімділіктерің іс жүзінде соңына дейін жетуге тиіс, сонда сендер рухани жағынан жетіліп те кемелденіп, ешбір кемшіліктерің қалмайды.1:4 Яки: ешбір игі қасиеттен мұқтаждық көрмейсіңдер (Мат 5:48; Қол 4:12; Флп 3:12-15).