22 Құдайдың айтқандарын құр естуші ғана болмай, оларды іске асырушы болыңдар! Әйтпесе өздеріңді-өздерің алдайсыңдар. 23 Өйткені Тәңір Иенің хабарын1:23 Яки: Құдайдың сөзін (Мат 7:26; 13:3-4,19). естігенмен, оны іске асырмайтын адам айнаға қарап, бет-әлпетін көрген біреуге ұқсайды: 24 ол өзіне байыппен қарайды, бірақ былай шыға бере-ақ өз түрін ұмытып қалады.
Publicidade