5 Сол сияқты, тіл де дененің кішігірім мүшесі бола тұра, ғаламат нәрселермен мақтанады.
От ұшқыны қаншама майда болса да, қалың орманды өртеп жібере алады! 6 Тіл де от іспетті, әділетсіздік тудырғыш.3:6 Немесе: әділетсіздік әлемі (Мар 7:20-23). Дене мүшелерінің арасында орналасқан ол бүкіл денемізді арамдап, өзі тозақ отынан тұтанып, бар өмірімізді де өртеп, құрта алады.3:6 Мат 5:22; Жох 8:44.