Pular para o conteúdo
Publicidade

Admiração

Por Bíblia Online

O temor do Senhor é o princípio da sabedoria. A admiração reverente por Deus é a postura que produz conhecimento, obediência e bênção na vida do crente.

Білімнің бастауы

Білімнің бастауы — Жаратқан Иені

Терең қастерлеп, Оған мойынсұну.

Ал Құдайдан безген надандар болса,

Елемейді даналық пен тәрбиені.

Даналықтың бастауы — Жаратқан Иені

Терең қастерлеп, Оған мойынсұну,

Һәм ақыл-парасат — Киелі Құдайды

Және Оның еркін жақыннан тану.

Жаратқанды шын қастерлеу даналыққа үйретер

Және кішіпейіл жанның абыройы өсер.

Мол қазынасы болып, уайымдағаннан гөрі

Азды қанағат етіп, Жаратқанды қастерлеген игі.

Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,

Бұл — жамандық атаулыны жек көру.

Жек көремін мен паңдық пен менмендікті,

Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді.

Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер

Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.

Паңданып өзіңді «данышпанмын» деп ойлама,

Иеңді шын қастерле, зұлымдыққа жолама,

Тұла бойың сергіп, сауығатын болар сонда.

Әсемдік өткінші, алдамшы сұлулық та,

Тәңір Иені қастерлейтін әйел лайық мадаққа.

Ал енді, айтылғандардың барлығының қорытындысын тыңдайық: Құдайды терең қастерлеп, Оның өсиеттерін орында! Себебі бұл — әр адамның парызы.

Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,

Тісін қайрап, қалжырап қажиды,

Зұлымдардың аңсағаны құриды.

Мұқтаждың жанашыры — ұлы Құдай

Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар,

Жаратқанның есімін мадақтаңдар!

Қыспақтаған жаудан қорғауды сұрау

(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жастайынан көріп келген қыспағы

Жайлы айтып берсін Исраил халқы:

Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,

Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.

Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,

Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,

Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды.

Бірақ Менің есімімді терең қастерлейтін сендерге ақталу сыйлайтын күн шығады, оның сәулесінің аясында жандарың сауығады. Сонда сендер қорадан шығып, секіріп ойнайтын торпақтардай азат жүресіңдер.

Жаратқан Иені сүйіп, терең қастерлеу

Ал енді, уа, Исраил, Құдай Иең сенен нені талап етеді? Тек мыналарды ғана: Құдай Иеңді терең қастерлеп, Оның жолымен ғана жүруіңді, Оны сүйіп, шын жүректен және бүкіл жан дүниеңмен Оған қызмет етуіңді, әрі Жаратқан Иенің өсиеттері мен ережелерін жүзеге асыруыңды. Бұларды бүгін сендерге өз игіліктерің үшін тапсырып отырмын.

Сендер тек Құдайларың Жаратқан Иенің жолымен жүріп, жалғыз Оны ғана қастерлеулерің керек! Оның өсиеттерін орындап, даусына құлақ асатын болыңдар! Әрдайым Жаратқан Иеге қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстаныңдар!

Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды.

Осы уәделердің бәрі де бізге берілгендіктен, сүйікті бауырластарым, тәніміз бен рухымызды арамдайтын барлық нәрселерден тазарып, Құдайды терең қастерлеп, толығымен Оған бағышталған қасиетті өмір сүрейік!

Әркімге тиістісін беріңдер: алым-салықты — салықшыларға, кеден салығын — кеденшілерге төлеп, сый-құрмет пен қадірді — тиістілерге көрсетіңдер.

Әйүптің үш досынан түңіліп, өз әділдігін қорғауы

Өмірден күдері үзілген адамға досы мейірім көрсетуі керек. Ал сендер (мені айыптап) құдіреті шексіз Тәңірді қастерлемейсіңдер.

Seja o primeiro

Este artigo te tocou? Faça uma oração!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.