Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 111

Жаратқан Иені қастерлейтін жан жарылқанған

1 Жаратқан Иені мадақтаңдар!

Иеміздің өсиеттерінен ләззат тапқан,

Оны қастерлейтін жан жарылқанған.111:1 Яки: Оны қастерлеуші — бақытты жан.

2 Әулеті оның елде күшті болады,

Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,

3 Оның үйінде байлық-дәулет жиналады,

Әрі әділдігі мәңгі есте қалады.

4 Турашыл жанға түнекте таң атады,111:4 22:4.

Ол рақымды, мейірбан, әділ болады,

5 Мұқтажға қайырыммен қарыз береді,

Әрі істерін әділдікпен жүргізеді,111:5 Немесе: Сотта сөздері нық болады.

Содан оның өзі де жақсылық көреді.

6 Шүбә жоқ, ол ешқашан шайқалмайды,

Әділ жан жұрттың есінен шықпайды.

7 Сондай адам қауесеттен қорықпайды,

Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды,

8 Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді,

Соңында жаулардың жеңілісін көреді.

9 Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,

Оның әділдігі мәңгіге ұласады,

Абыройы да жоғарылайтын болады.

10 Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,

Тісін қайрап, қалжырап қажиды,

Зұлымдардың аңсағаны құриды.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também