Уа, Жаратқан, қайтадан жарылқай гөр!
1 (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға
Қайтарып алып келген уақытында125:1 Немесе: Жаратқан Ие Сионға игіліктерін қайтадан сыйлап бергенде.
Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,
2 Езуіміз жиылмады күлкіден,
Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.
Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:
«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
3 Жаратқан бізге керемет жасады шынында,
Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!
4 Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді
Лезде-ақ суға толтыратының секілді,
Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді
Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.125:4 Яки: Уа, Жаратқан Ие, тұтқындарымызды бізге қайтарып бере гөр енді (13:7; 52:7; 84:2).
5 Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін
Қуана әндетіп жинамақ өнімін:
6 Олар еңіреп жүріп тұқымдарын
Сеуіп тастайды егістік жерлеріне,
Кейін құшақтап алып астық бауларын
Қуана қайтады мекендеріне.