Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 97

Әлемге билік айтатын Құдайды мадақтаңдар!

1 Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,

Өйткені Ол кереметтер істеді,

Киелі құдіретімен жеңіп шықты.

2 Жаратқан Ие жеңісін97:2 Яки: құтқаруын. аян етті,

Әділдігін97:2 Яғни Өзінің берген уәделерін адалдықпен орындағанын. де халықтарға көрсетті,

3 Ол Исраилге деген мейірімін де,

Сенімділігін де сақтайды есінде.

Құдайымыздың құтқаруын97:3 Яки: жеңісін. көрді

Жер бетінің түкпірлеріндегілер де.

4 Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,

Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар,

5 Домбыра шертіп, әдемі ән салыңдар,

Жетігенмен де Иемізге күй тартыңдар,

6 Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар,

Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар!

7 Теңіз де өзін мекендейтіндерімен,

Әлем де сонда тұратындарымен

Шаттана шуласып Оны мадақтасын!

8 Өзендер қуана қол шапалақтасын,

Таулар да бірігіп шаттана ән салсын

9 Жаратқан Иеміздің көз алдында!

Ол жерге келеді үкім шығаруға,

Әлемге әділ билік айтуға,

Нағыз шындықпен күллі ұлттарға.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também