Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 62

Құдайды аңсау

1 (Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі62:1 Пат2 15:23-28; 16:2,14; 17:16,27-29. туралы.)

2 Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың,

Таң сәріден мен Саған бет бұрамын,

Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған,

Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.

3 Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім,62:3 Немесе: Сені көрдім (астарлап айтылған).

Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.

4 Өмірден де артық — берік мейірімің,

Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,

5 Өмір бойы бір Сені мадақтаймын,

Атыңды атап қолымды жаямын.

6 Өйткені жіліктің майлы басынан

Гөрі Өзіңнен мол ләззат табамын,

Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.

7 Төсекке жатып Сені еске аламын,

Түні бойы Сен жайлы ойланамын.

8 Өйткені Өзің менің қолдаушымсың,

«Қанатыңның аясында» шаттанамын.

9 Жаным тығыз байланыста Сенімен,

Мені демейсің құдіретті қолыңмен.

10 Ал көзімді құртпақшы арамзалар

Тозақтың түбіне түсетін болар,

11 Семсердің күшімен олар қырылар,

Өліктері шибөріге жем болар.

12 Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады,

Саған бағышталғандар мақтау айтады,

Ал өтірікші ауыздар жабылады.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também