Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 47

Ұлы Патшаның астанасына деген қуаныш

1 (Қорах ұрпақтарының әні әрі жыры.)

2 Құдайдың таңдап алған қаласында,

Оның қасиетті Сион тауында

Жаратқан Иеміз теңдессіз ұлы,

Ол мадақталуға әбден лайықты!

3 Әсем де биік Сион тауы —

Күллі әлемнің қуанышы,

Таудың солтүстік жағындағы47:3 Немесе: Сафон (яки: Солтүстік) тауының басы сияқты (Иш 14:13).

Ұлы Патшаның астанасы.

4 Бекіністі сарайларында Құдай

Белгілі қорғаушы, баспанадай.

5 Патшалар күштерін жинаған еді,

Шайқасқа бірігіп аттанған еді.

6 Олар қаланы көріп, аң-таң болды,

Үрейленіп, түгел қаша жөнелді,

7 Бойларын қорқыныш кернеді,

Толғатқан әйелдей қиналды.

8 Теңіз кемелерін47:8 Яғни ежелде Испаниядағы Тарсис кемежайына бара алған үлкен кемелерін. шығыстың дауылы

Қиратқандай, құрттың Сен оларды.

9 Құлағымызбен мынаны естіген едік,

Әлем Иесінің қаласынан соны көрдік,

Иә, Құдайымыздың осы шаһарынан:

Өз қаласын нығайтады Ол әрқашан.

10 Уа, Құдай, ғибадатханаңда

Ойландық мейірімің жайында,

11 Уа, Құдайым, Сенің атың да,

Саған арналған мадақтау да

Жердің төрт бұрышына жайылады,

Құдіретті қолың әділдік орнатады.

12 Сенің әділ билігіңе бола

Шаттанады Сион тауы да,

Қуанады Яһуда қалалары да.

13 Сионға жақындап барыңдар,

Шаһарды айналып шығыңдар,

Барлық мұнараларын санаңдар,

14 Қамалдарына назар аударыңдар,

Сарайларын да қарап шығыңдар.

Келер ұрпаққа мынаны айтыңдар:

15 «Бұл Құдай — мәңгілік Құдайымыз,

Деміміз біткенше Ол — жетекшіміз!»

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.