Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 50

Құдайдан кешірім сұрау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры, 2 Барсабиямен жақындасып күнәға батқан Дәуітке Натан пайғамбар келген оқиғаға50:2 Пат2 11:4; 12:1-13. байланысты мінажат.)

3 Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,

О, Құдай, маған рақым ете гөр,

Мейіріміңнің молдығына бола

Қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.

4 Мені әділетсіздігімнен арылтып,

Күнәларымнан түгел тазарта гөр.

5 Қылмыстарымды жақсы білемін де,

Күнәларым әрдайым тұр есімде.

6 Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,

Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.

Осылай әділ Сенің айтқандарың,

Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың.50:6 Немесе: Осылай айтқандарыңның әділ екені көрінеді, сотыңда пәк таза (яки: жеңімпаз) болып шығасың.

7 Мен күнәкар болып дүниеге келдім,

Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.50:7 Адам ата мен Хауа ананың күнәкарлығы олардан тараған бүкіл адамзатқа мұра іспетті берілді (Жар 6:5; Рим 5:12).

8 Сен жүректің таза болуын қалайсың,

Жан дүниеме даналық та құясың.

9 Құрбандық қанын бүркіп, күнәмді кеше гөр,50:9 Немесе: Діни қызметкердің сайсағыз (үсоп) бұтақшасын құрбандықтың қанына батырып алып, өкінген күнәкарға бүріккеніндей, Сен мені кешіріп, күнәдан арылта гөр! (Мыс 12:22)

Сонда көз алдыңда пәк таза боламын,

Күллі күнәмнан мені жуып-шая гөр,

Сонда қардан да аппақ тазарамын.

10 Шаттық үнін маған қайтадан естірте гөр,

Сен әлсіреткен денемді қуанта гөр,

11 Күнәларыма енді назар аудармай,

Бар қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.

12 Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр,

Рухымды берік қылып, жаңарта гөр.50:12 Яки: Уа, Құдай, бойымда таза жүрек жаратып, денемдегі рухты әділ қылып жаңарта гөр.

13 Қасыңнан мені қуып шыға көрме,

Киелі Рухыңды менен ала көрме,

14 Мені құтқарғаныңа қуантып тағы,

Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты.

15 Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін,

Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.

16 Қан төккен мені арылтсаңшы кінәмнан,

Сенсің ғой жалғыз Құтқарушы Құдайым.

Тіліммен әділдігіңді мадақтаймын.

17 Аузыма ерік бере гөр, Жаратқан Ием,

Сені емін-еркін мадақтап, дәріптейін.

18 Құрбандық шалуымды қаламай тұрсың,

Өртеу құрбандығын да ұнатпай тұрсың,

Әйтпесе оларды ұсынар да едім.

19 Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық —

Күнәсіне шынымен өкінген рух.

Шын опық жеп, бағынған жүрекке Сен

Теріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.

20 Игі еркіңмен Сионды50:20 Яки: Иерусалим қаласын. өркендете гөр,

Қамалын оның қайта тұрғыза гөр.

21 Сонда Саған ұнамды пәк тартулар

Шалынбақ һәм өртелетін құрбандықтар,

Үстеліңе торпақтар50:21 Яғни жас бұқалар. да ұсынылмақ,

Сенің жолыңа солар бағышталмақ.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.