Құдайсыздарды сақтандырып, сенушілерді жігерлендіру
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ауыртпалық шегу» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)
2 Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды,
Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды,
Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.
3 Құдай көктен көз салады адамзатқа:
«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»
Деп байқайды Ол. 4 Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,
Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.
Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
5 Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?
Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,
Құдайға сиыну ойларына еш түспеген.
6 Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады,
Қауіп-қатер жоқ жерде үрейлері ұшады.
Тап берген жауыңның сүйектерін Құдай шашады,
Сен масқаралайсың Құдай бас тартқан оларды.
7 Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!
Құдай өз халқын тұтқыннан азат еткенде52:7 Яки: өз халқына игіліктерін қайтадан сыйлағанда (13:7; Заң 30:3).
Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,
Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!