Әділетсіз билерге сот жүргізуші — Хақ Тағала
1 (Асафтың жыры.)
Құдай үлкен мәжілісін басқарады,
Сонда Ол билерге81:1 Яки: билеушілер (сөзбе-сөз: тәңірлер) арасында. (Билер мен патшалар Құдайдың өкілдері болғандықтан кейде тәңір немесе Құдайдың (рухани) ұлы деп те аталатын: 2:7; 44:7; 81:6; Жар 6:2; Мыс 21:6; 22:8; Пат2 7:14.) үкім шығарады:
2 «Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар,
Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?
3 Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар,
Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!
4 Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар,
Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»
5 Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен,
Қанаушылары түнекте жүріп келген,
Содан елдің бар негізі дірілдеген!
6 Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар,81:6 Демек: Сендер Құдайдың өкілдерісіңдер (81:1-дегі түсініктемені қ.).
Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,
7 Дегенмен жай пендедей құрисыңдар,
Әрі әміршідей қаза табасыңдар».
8 Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы,
Сен иемденесің ғой бар халықтарды!