Құдайдың таңдаған қаласын қамқорлауы
1 (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)
2 Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,
Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға
Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
3 Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында
Керемет жақсы жайттар айтылуда.
4 Өзімді танып білетіндер арасынан
Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын,
Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын:
«Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.86:4 Немесе: О, Рахаб (яғни Мысыр: 88:11) әрі Бабыл, філістір, Тир, Құш (яғни Нубия) елдері, Мені мойындайтындар жөнінде мынаны жазып қоямын: «Бұлар Сионда туған» (яғни олар Сионның азаматтары болып саналады: Иш 2:2-4; 45:14,22-24; 56:3,6-8; 60:1-4; Ест 8:17).
5 Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:
«Осындай да осындай ер туған мұнда,
Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
6 Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:
«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.
7 Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде:
«Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».