Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 38

Ауыртпалық көрген жанның дұғасы

1 (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге38:1 61:1; 76:1; Шеж1 16:41-42; 25:1-6; Шеж2 5:12; 35:15. арналған Дәуіттің жыры.)

2 Өзіме былай дедім: «Мен сақ жүрейін,

Тіліммен күнә жасаудан безейін,

Әділетсіз жан қасымда тұрғанда

Тіліме берік бұғау салайын да».

3 Осылай аузымды ашпай үндемедім,

Тіпті жақсылық жайлы да сөйлемедім,

Содан күшейе түсті қасіретім.

4 Жүрек жалындап, ойымда от тұтанды,

Тілімнен отты сөздер ағытылды:

5 Көрсете гөр, Ием, ғұмырымның соңын,

Көрер күндерімнің бүкіл санын,

Өмірімнің өткіншілігін ұғайын.

6 Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,

Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.

Рас, алған деміндей әлсіз38:6 38:7,12; 61:10; 93:11; Әйүп 7:16; Уағ 1:2,14. — пенде өмірі!

7 Адамдар өмірден елестей өтеді,

Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді,

Себебі соның кімге тиерін білмейді.

8 Ал қазір, уа, Ием, нені тосамын?

Тек Өзіңе үмітімді артамын.

9 Заңсыз істерімнен мені арылта гөр,

Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.

10 Мен ауызымды ашып, еш үндемеймін,

Өйткені осыны жасаған Сен Өзіңсің.

11 Бұйырған азапты ала гөр менен,

Қолыңның соққысынан әлсіредім мен.

12 Күнәсі үшін жазаласаң пендені,

Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі,

Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!

13 Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,

Көмекке шақырған даусымды естіші,

Менің көз жасымды елемей жүрмеші,

Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,

Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын.

14 Маған қарап тұрмашы ашуменен,

Қайтадан көңілді болайын мен,

Ғайып болмас бұрын кетіп бұл өмірден.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.