Жаратқан Иенің шексіз әділдігі мен ұлылығы
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені,
Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені:
«Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»
2 Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда,
Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
3 Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?
4 Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,
Өзінің киелі ғибадатханасында,
Иеміз бақылайды барлығын да,
Сын көзбен қарайды адам баласына.
5 Жаратқан Ие әділдерді тексереді,
Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,
6 Залымдарға жаудырады жанған көмірді
Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті,
Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.
7 Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,
Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.