Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 140

Адасудан әрі арамза жаудан қорғауды сұрау

1 (Дәуіттің жыры.)

Уа, Ием, Сені шақырамын, асыға гөр,

Жалбарынған даусыма құлақ сала гөр,

2 Дұғам алдыңа жетсін жұпар тартудай,140:2 (Мыс 30:1,7-8,35, Леу 16:12-13) Яки: жетсін түтетілген хош иісті заттардай.

Саған қол жайғаным кешкі құрбандықтай.140:2 Шеж1 16:40.

3 Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр,

Аузымның ашылуын бақылай гөр.

4 Жүрегім жамандыққа құмартпасын,

Зұлымдардың істеріне қатыспайын,

Олардың ләззаттарынан дәм татпайын.

5 Жазаласын мені әділетті жан,

Бұл нағыз мейірімділік болмақ маған,

Сөгіс берсін маған ізгілікті жан,

Бұл иісмайдай болмақ басыма жаққан,

Мен еш бас тартпаймын да сол жазадан,

Ал сұмдардың ісіне қарсы сиынамын Саған.

6 Құздан төмен лақтырылған соң басшылары,

Қалған жұрт сөзімді ұнатып қабыл алады.

7 «Егінші соқа айдап, жер жыртады,

Топырақ кесектерін қопарады,

Ажал жетіп, солай сүйегіміз шашылады!»

(Деп сол зұлымдар уайыммен айтады.)

8 Тек Өзіңе қарай бағытталған көздерім,

Жалғыз Өзіңнен ғана көмек күтемін,

Уа, менің Жаратушы Тәңір Ием,

Өзіңсің паналайтын берік қорғаным,

Залымдардың қолында қалмасын жаным.

9 Олардың құрған торынан мені қорғай гөр,

Зұлымдардың тұзағынан лайым сақтай гөр,

10 Арсыздар өз торларына өздері түссе екен,

Ал мен содан құтылып кетейін аман-есен.

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.

Veja também