Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 83

Құдайдың киелі үйін аңсау

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.)

2 Өзіңнің тұрағың жер бетіндегі

Қандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!

3 Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі

Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді,

Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.

4 Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды,

Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды:

Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің,

Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!

5 Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты,

Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!

6 Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниеті

Өзіңе бағытталған83:6 Немесе: Сенің күшіңе кенеле берген, жүректерінде киелі үйіңе баруға ниеттенген. жандар қандай бақытты!

7 Жылау аңғарымен83:7 Немесе: Бака аңғарымен (яғни сусыз аңғармен). жүріп су көздерін ашады,

Содан күзгі жаңбыр жауғандай жер жарылқанады.

8 Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді,

Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.

9 Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі,

Өзіңе арнаған дұғамды ести көрші,

Жақып сиынған Құдай, құлақ түре көрші.

10 Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр,83:10 Немесе: біздің қорғаушымызға (яки: қалқанымызға, демек, патшамызға: 88:19) көңіл бөле гөр.

Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр.

11 Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласында

Мың күннен жақсы өткізген өзге орында.

Мен қақпасында тұруды83:11 Яки: Мен қақпашы болуды. Құдайымның үйінде

Артық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.

12 Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,

Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,

Ол тура жолменен жүретін адамдарды

Сыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.

13 Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан,

Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.