Алла Тағаланың панасында қауіпсіз болу
1 Алла Тағаланың панасында тұрған адам
Құдіреттінің90:1 Яки: Құдіреті шексіз Құдайдың (67:15; Әйүп 33:4; Езк 1:24). саясынан табады тыным.
2 Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:
Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,
Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!
3 Хақ Тағала сені зұлымның тұзағынан
Әрі жойқын обадан90:3 Яки: ажалды ауру-жарадан (індеттен). сақтайды аман.
4 Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,
«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,
Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.
5 Түнде сен қара түнек қорқынышынан,
Күндіз де қорықпайсың жау оғынан,
6 Сескенбейсің түнгі індет-аурудан
Һәм тал түсте басыңа төнген апаттан.
7 Қасыңда мыңдағандар қаза тапса,
Оң жағыңда он мыңдап қырылғанда,
Саған зақым жақындай алмайды да.
8 Тек болып жатқанды көріп тұрасың,
Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
9 Сен Жаратқанға сенім артып келесің,
Алла Тағаланы панаң етесің,
10 Басыңа енді жамандық түспейді,
Үйіңе ешбір апат та төнбейді.
11 Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:
Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,
12 Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін
Қолдарына көтеріп сені алып жүреді.
13 Жас арыстан мен оқжыланды90:13 Немесе: улы сұр жыланды (57:5-6; Иш 11:8). аяқпен таптайсың,
Үлкен арыстан мен абжыланды90:13 Немесе: айдаһарды. жаншып тастайсың.
14 Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан:
«Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын,
Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,
15 Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,
Азап шеккен кезінде оған жар боламын,
Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.
16 Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,
Құтқаруымды оған сыйлап беремін».90:16 Немесе: Өмір бақи рухани игілікке бөлеп, құтқаруымды оған ашық көрсетемін.