Құдай алдына баратын адамның қасиеттері
1 (Дәуіттің жыры.)
Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,
Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?
2 Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,
Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,
3 Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,
Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,
Жақынының арына дақ түсірмейді.
4 Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,
Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,
Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,
5 Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,14:5 Мыс 22:25.
Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.
Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды.