Жәбірленушінің кешке сиынып жан тыныштығына кенелуі
1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2 Уа, Құдай, мені ақтаушы Өзіңсің,4:2 Немесе: Әділ Құдайым Сенсің.
Сиынғанымда Сен құлақ сала гөр.
Мені қысымшылықтан азат еттің,
Қазір де рақыммен құлақ түре гөр.
3 Әй, пенделер, сендер абыройымды
Қашанғы қорлап төге бермексіңдер?
Жақсы көріп құр сөз бен бос істерді,
Қашанғы өтірікке ермексіңдер?
4 Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады,
Жалбарынсам, Ием құлақ асады.
5 Ашуланғанда күнә жасамаңдар,
Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар,
Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!
6 Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар,
Оған сенім артып, мойынсұныңдар!
7 «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,
Күдік келтіреді көптеген кісілер.
Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,
Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.
8 Молайса нан менен жүзім шырыны,
Саған сенбейтіндер масаттанады.
Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың,
Соншама зор қуанышқа толтырдың.
9 Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатып
Ұйықтаймын енді қаннен-қаперсіз,
Өйткені Өзің маған бердің сыйлап
Тыныш өмірді қауіп-қатерсіз.