Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 64

Ұлы Құдайдың шапағатына шүкірлік

1 (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)

2 Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады,

Өзіңе берілген анттар орындалады,

3 Мінажаттар құлағыңа жетеді,

Барлық адамдар алдыңа келеді.

4 Теріс істеріміз жаншып тұр бізді.

Ал Сен кешіресің күнәларымызды.64:4 Яки: Сен бізді заңсыз істерімізден тазартып, құнын төлейсің (31:1,2; 77:37-38; 78:9; Леу 16:20-22; 17:11).

5 Қандай бақытты — Өзің таңдағандар,

Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар,

Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына,

Киелі ғибадатханаңның рақатына.

6 Құдай, құлақ саласың әділдікпен,

Бізді құтқарасың керемет істермен.64:6 Яки: Бізді құтқарасың үрейлі істермен.

Саған үміт артады жер шетіндегілер

Және алыс теңіздегі кемешілер.

7 Сен құдіретіңмен тауларды орнаттың,

Күш-қуатқа бөленіп, беліңді будың.

8 Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың,

Халықтардың шуылын тыныштандырдың.

9 Кереметтеріңе таңғалар алыс елдер,

Шығыс пен батысқа айтқызасың әндер.64:9 Яки: Күншығыс пен батыстағы адамдарға Өзіңе арналған көңілді ән-жырлар айтқызасың.

10 Сен жерді баптап суарып, құнартасың,

Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшін

Өзендеріңді суға толтырасың,

Жерді Өзің солай дайындайсың.

11 Соқаның іздерін суға қандырасың,

Топырақ кесектерін тегіс қыласың,

Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың,

Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың.

12 Солай жылды игілікке бөлейсің,

Қайда жүрсең де молшылық бересің,

13 Иен даланың жайылымдары суланған,

Қыраттар құлпырып қуаныш жамылған,

14 Жайылым қора-қора малға толып,

Алқаптар егінменен жайқалып,

Бәрі қуана айқайлайды ән салып.

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.