Pular para o conteúdo
Publicidade

Забур жырлары 70

Құдайдан өмір бойы қолдауын сұраған мінажат

1 Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,

Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан.

2 Сен әділсің, мені босата көрші,

Құлақ түріп маған, құтқара көрші.

3 Бола гөр лайым бас сауғалар панам,

Сөзіңе сай құтқаршы,70:3 Немесе: Мені құтқаруға бұйрық бердің. құздай қорғаным!

4 О, Құдайым, босатшы мені зұлымнан,

Күнәкар қанаушының қыспағынан.

5 Жаратушы Тәңір Ием, үмітім Сенсің,

Жастайымнан-ақ Өзіңе сеніп келемін,

6 Құрсақтан-ақ Саған сүйеніп келемін,

Туғаннан-ақ Сен қамқоршымсың менің.

Еш таусылмас Сені мадақтайтын әнім.

7 Көп адамға ғажап белгі іспеттімін,

Ал Сен күш-қуатым мен қорғаушымсың.

8 Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын,

Сенің көркіңді70:8 Яки: салтанатыңды (ұлылығыңды). күнде жырлаймын.

9 Қартайғанда маған теріс қарай көрме,

Күшім қайтқанда мені тастап кетпе.

10 Жауларым маған қарсы сөз байласуда,

Жанымды аңдығандар ақылдасуда:

11 «Жоқ құтқарушысы, Құдай тастап кетті,

Қуып жетіп, ұстап алайық!» деседі.

12 Уа, Құдай, менен алыстап кетпеші,

Құдайым менің, көмекке тез жетші.

13 Маған мін таққандар ұялып, жоқ болсын,

Қастық ойлаған олар ұятқа орансын!

14 Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін,

Барған сайын молырақ дәріптеймін,

15 Сенің әділдігің және құтқаруың

Туралы мен күн ұзаққа айтудамын,

Маған көрсетіп келген жақсылықтарың

Сансыз, олардың бәрін біле алмаймын.

16 Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын,70:16 Немесе: Жаратушы Тәңір Ием, Сенің құдіретті істерің жайлы ойланып киелі үйіңе кіремін.

Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.

17 Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің,

Әлі де ғажаптарыңды паш етемін.

18 Қартайып басымды қырау шалғанда,

О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма,

Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа,

Керемет істеріңді келер буындарға

Жол бере көрші маған уағыздауға.

19 Әділдігің Сенің заңғар аспандай,

Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,

Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай?

20 Көп ауыр азаптар жібердің маған,

Қалпына келтіресің бірақ қайтадан

Жанымды менің, шығарып тұңғиықтан.

21 Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан.

22 Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын,

Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым,

Исраил сиынатын Киелі Тәңірім,

Саған домбыра тартып әнімді арнаймын,

23 Шаттанып Саған жырымды бағыштаймын,

Өйткені Сен мені құтқардың апаттан.

24 Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам:

Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!

Todos os capítulos de Забур жырлары 150
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10
  11. 11
  12. 12
  13. 13
  14. 14
  15. 15
  16. 16
  17. 17
  18. 18
  19. 19
  20. 20
  21. 21
  22. 22
  23. 23
  24. 24
  25. 25
  26. 26
  27. 27
  28. 28
  29. 29
  30. 30
  31. 31
  32. 32
  33. 33
  34. 34
  35. 35
  36. 36
  37. 37
  38. 38
  39. 39
  40. 40
  41. 41
  42. 42
  43. 43
  44. 44
  45. 45
  46. 46
  47. 47
  48. 48
  49. 49
  50. 50
  51. 51
  52. 52
  53. 53
  54. 54
  55. 55
  56. 56
  57. 57
  58. 58
  59. 59
  60. 60
  61. 61
  62. 62
  63. 63
  64. 64
  65. 65
  66. 66
  67. 67
  68. 68
  69. 69
  70. 70
  71. 71
  72. 72
  73. 73
  74. 74
  75. 75
  76. 76
  77. 77
  78. 78
  79. 79
  80. 80
  81. 81
  82. 82
  83. 83
  84. 84
  85. 85
  86. 86
  87. 87
  88. 88
  89. 89
  90. 90
  91. 91
  92. 92
  93. 93
  94. 94
  95. 95
  96. 96
  97. 97
  98. 98
  99. 99
  100. 100
  101. 101
  102. 102
  103. 103
  104. 104
  105. 105
  106. 106
  107. 107
  108. 108
  109. 109
  110. 110
  111. 111
  112. 112
  113. 113
  114. 114
  115. 115
  116. 116
  117. 117
  118. 118
  119. 119
  120. 120
  121. 121
  122. 122
  123. 123
  124. 124
  125. 125
  126. 126
  127. 127
  128. 128
  129. 129
  130. 130
  131. 131
  132. 132
  133. 133
  134. 134
  135. 135
  136. 136
  137. 137
  138. 138
  139. 139
  140. 140
  141. 141
  142. 142
  143. 143
  144. 144
  145. 145
  146. 146
  147. 147
  148. 148
  149. 149
  150. 150

Estes versículos te tocaram? Ore agora!

+581 estão orando agora.

Junte-se à corrente de oração.